Введите номер документа
Прайс-лист

«Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылы 27 маусымдағы № 235 бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 27 июня 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 апреля 2014

ҚР Әділет министрінің 2012.29.11. № 391 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2011 жылғы 27 маусымдағы

№ 235 бұйрығына

4-қосымша

 

 

«Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті
 
 
1. Негізгі ережелер

 

1. Осы «Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру - құқық белгілеуші құжаттардың, техникалық паспорттардың, жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының және тіркеу ісіндегі өзге де құжаттардың көшірмелерін беру жөніндегі қызмет.

3. «Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) және «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі - ЭҮП) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық) ұсынады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: жартылай автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысының, «Құқықтық кадастардан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4926 тіркелген) (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами