Введите номер документа
Прайс-лист

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылы 27 маусымдағы № 235 бұйрығына 10-қосымша) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 27 июня 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 августа 2014

ҚР Әділет министрінің 2012.29.11. № 390 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2011 жылғы 27 маусымдағы

№ 235 бұйрығына 10-қосымша

 

 

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру - аумақтық әділет органдарымен азаматтардың өтініштері бойынша акті және метрикалық кітаптар негізінде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру.

3. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы аумағы шегінде аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі - уәкілетті органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды шетелден сұратқан кезде аумақтық әділет органына жүгіну қажет.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ереженің, «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами