Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 333 «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 413 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № № 07-01-02/194 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 8 бабының 2 тармағына, 106 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3356 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 3-4 жарияланған облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 333 «2011-2013 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер -
«91 839 797» деген цифрлар «91 308 351,2» деген цифрлармен ауыстырылсын,
оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша -
«29 883 492» деген цифрлар «29 427 427,9» деген цифрлармен ауыстырылсын;
салықтық емес түсімдер бойынша -
«2 996 049» деген цифрлар «2 999 585,3» деген цифрлармен ауыстырылсын;
трансферттер түсімдері бойынша -
«58 960 256» деген цифрлар «58 880 383» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар -
«91 679 590,5» деген цифрлар «91 090 312,7» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақшасында:
таза бюджеттік кредит беру -
«1 664 867» деген цифрлар «1 870 167» деген цифрлармен ауыстырылсын,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу -
«1 460 628» деген цифрлар «1 255 328» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) тармақшасында:
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -
«1 612 000» деген цифрлар «1 464 532» деген цифрлармен ауыстырылсын,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу -
«1 612 000» деген цифрлар «1 464 532» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 955 мың теңге».
2) 14 тармақта:
1 абзацтың бөлігінде:
«594 037» деген цифрлар «586 733,1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3 абзацтың бөлігінде:
«2 152 427» деген цифрлар «2 089 230» деген цифрлармен ауыстырылсын;