«2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/369-4с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 қазандағы № 57/464-4с шешімі
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 1-12 Хатымен қолданыс мерзімі аяқталғанға байланысты күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 45/444-IV «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2058 тіркелген шешіміне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/369-4с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-128 тіркелген, 2011 жылдың 12 қаңтарында және 3 ақпанында «Оңтүстік таңы» № 01-02, № 5 газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы:
1) тармақшадағы «45 062 187» деген сандар «44 206 997» деген сандармен ауыстырылсын;
«20 934 935» деген сандар «20 607 489» деген сандармен ауыстырылсын;
«68 662» деген сандар «107 449» деген сандармен ауыстырылсын;
«1 837 007» деген сандар «1 592 745» деген сандармен ауыстырылсын;
«22 221 583» деген сандар «21 899 314» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «52 060 390» деген сандар «51 205 200» деген сандармен ауыстырылсын;
2 тармақтың төртінші абзацындағы «1 988 664» деген сандар «2 045 874» деген сандармен ауыстырылсын;
оныншы абзацпен келесідей мазмұнда толықтырылсын:
«елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға - 62 000 мың теңге.».