«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1257 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 212-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау» деген бөлімде:
2-тармақ алып тасталсын;
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде:
«3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
«Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру» деген 2-стратегиялық бағыт алып тасталсын;
«3.2. Әділет министрлігінің стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі» деген кіші бөлімде:
«
2-стратегиялық бағыт. Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру 2.1-мақсат. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру | Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылдарға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы. |
»
деген жол алып тасталсын;
«4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген бөлімде:
«Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсаттарының атауы» деген 1-бағанда:
мына:
«2-стратегиялық бағыт. Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру
2.1-мақсат. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру» деген жолдар алып тасталсын;