Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттыру республикалық курсы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қарашадағы № 1299 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасуббота, 5 ноября 2011
Статус
Действующийвведен в действие с 5 ноября 2011
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттыру республикалық курсы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қарашадағы № 1299 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрамның біліктілігін арттыру республикалық курсы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрам мен мамандардың біліктілігін арттыру, оларды даярлау және қайта даярлау, ұйымдар мен азаматтарға әдістемелік көмек көрсету болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Серіктестіктің жарғысын бекітуді;

2) Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3) Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;

4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом