Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалдау туралы
шарт
(Мәскеу қ., 1994 жыл 10 желтоқсанда)
Осы редакция 2008 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2195 Жарлығымен ратификацияланды
2011 ж. 18 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі Жалға беруші және Жалға алушы немесе Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1994 жылғы 28 наурыздағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Келісімге сүйене отырып. «Байқоңыр» кешенін сақтауға, ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік-мәдени потенциалы мен инфрақұрылымдарын тиімді пайдалану мен дамытуға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мүдделі екендігін ескере келе, екі елдің одақтастық мүдделерінің стратегиялық контекстегі «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істеуін есептей келе, ғарыш айлағы мен Ленинск қаласының сынау, технологиялық объектілері мен қамтамасыз етуші инфрақұрылымы, олардың қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктері біртұтас ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік «Байқоңыр» кешенін құрайтындығын тани отыра, Тараптардың мүдделерінің есебімен «Байқоңыр» кешенін жалдау мен пайдалануда Жалға беруші мен Жалға алушының құқы мен міндетін реттеу шартының қажеттілігін ескере отырып, төмендегілер туралы осы шартты жасады:
1 - бап
Қолданыстағы түсініктер мен терминдер
1.1 «Байқоңыр» кешені - «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Ленинск қаласының, олардың қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктері, сынау, технологиялық, ғылыми, өндірстік-техникалық, әлеуметтік және қамтамасыз ету объектілері.
1.2 «Байқоңыр» ғарыш айлағы - оған технологиялық, техникалық, қамтамасыз етуші және әкімшілік-қызмет объектілері орналасқан «Байқоңыр» кешеніне кіретін және ғарыш бағдарламаларын орындауға арналған аумақ.