«Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 528 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсімдер» санатында:
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
7 «Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар» ішкі сыныбында:
мынадай мазмұндағы 017 ерекшелігімен толықтырылсын:
«17 Жергілікті бюджеттен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар»;
06 «Басқа да салықтық емес түсімдер» сыныбында:
1 «Басқа да салықтық емес түсімдер» ішкі сыныбында:
мынадай мазмұндағы 12 ерекшелігімен толықтырылсын:
«12 Жануарларды сәйкестендіру үшін ветеринариялық паспорттың, жапсырмалардың (чиптердің) құнын қайтару»;
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
01 «Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан түсетін трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен түсетін трансферттер» кіші сыныбында:
07 «Астана қаласының бюджетінен бюджеттік өндіріп алу» ерекшелігі алып тасталсын;
5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында:
01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» сыныбында:
1 «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» ішкі сыныбында:
мынадай мазмұндағы 019 ерекшелігімен толықтырылсын:
«19 Жергілікті бюджеттен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында: