«Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 24 қарашадағы № 597 Бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
3 «Елді-мекендерді көркейту» функционалдық кіші тобында:
458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай мазмұндағы 035 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«035 Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына орайластырылған іс-шараларды өткізуге байланысты Семей қаласының инфрақұрылымын абаттандыру және жөндеу»;
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
9 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында: