«2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 қарашадағы № 39/1 шешімі
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 2/12 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағы 4) тармақшасы, 108-бабы 1 және 4-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» облыстық мәслихаттың IV шақырымы отызыншы сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешіміне (2011 жылғы 18 қантардағы № 1769 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 25 қаңтардағы «Солтүстік Қазақстан», 2011 жылғы 25 қаңтардағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1) кірістер - 78 448 131,1 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 9 168 913 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 613 571 мың теңге;
трансферттер түсімі - 68 665 647,1 мың теңге;
2) шығындар - 78 788 481,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 824 617,6 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2 418 736 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 594 118,4 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 754 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 754 000 мың теңге;
5) тапшылық - - 1 918 968,1 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру - 1 918 968,1 мың теңге.»;
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер келесі мөлшерде ескерілсін: