Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 381 Жарлығымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2008.12.11. № 689 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2009.22.05. № 815 Жарлығымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
құрамы
(2009.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
| Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы | - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға |
| Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары, |
| Майлыбаев Бағылан Асаубайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы; |
Әдебиет секциясы
| Қасқабасов Сейіт Асқарұлы | - М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, әдебиеттанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, секция төрағасы |
| Әбдікұлы Төлен | - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) |
| Абдрахманов Сауытбек | - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті, әдебиеттанушы, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) |
| Есдәулетов Ұлықбек Оразбайұлы | - «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) |
| Жолдасбеков Мырзатай | - Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының директоры, әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор (келісім бойынша) |
| Исабеков Дулат | - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) |
| Қамзабеков Дихан Қамзабекұлы | - Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті жанындағы «Алаш» орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша) |