Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ НОРМАТИВТІК 2007.16.07 № 5 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Тұрғын үйге меншік құқығы туралы заңдардың дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 191-бабына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабына сәйкес, заңды түрде алынған кез келген тұрғын үй Қазақстан Республикасы азаматтарының, заңды тұлғаларының жеке меншігінде бола алады. Меншік иелерінің тұрғын үйді иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі құқықтары сот тәртібімен, заң актілерінде көзделген әдістермен қорғалады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен адамның құқықтары мен бостандықтары тек заңдармен шектелуіне жол берілетіндігіне байланысты, меншік иесінің құқықтарын шектейтін өзге заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қолдануға жатпайды.

2. Тұрғын үйге меншік құқығы туралы талап сотқа оның орналасқан жері бойынша беріледі. Соттылық ережелері бұзылып берілген талап кері қайтарылады, ал өндіріске қабылданғаны - соттылығы бойынша жолданады.

Тұрғын үйге меншік құқығы туралы талаптарға: тұрғын үйді өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы; иеленуден айыруға байланысты емес құқықтың бұзылуын жою туралы; тұрғын үй-жайға құқықты тану туралы; тұрғын үйді иеліктен шығару жөніндегі сауда-саттықты жарамсыз деп тану туралы; тұрғын үйді иеліктен шығару жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы және басқа да талаптар жатады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом