Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 25 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Азаматтық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 Нормативтік қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Азаматтық істер жөніндегі заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі ұғыну және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ҚАУЫЛ ЕТЕДІ:

1. АІЖК 44-тарауымен реттелген сот өндірісі, заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға құқықтық негіз болатын себептерді айқындауға бағытталған азаматтық іс жүргізудің дербес кезеңі болып табылады. Мұндай құқықтық негіздер қатарына қайта қарау жөнінде арыз берілген сот шешімі қабылданған кезде іс жүзінде орын алған, бірақ арызданушыға белгісіз және белгілі болуы мүмкін емес, ал сотқа хабарланған жағдайда басқа шешім қабылдауға себеп болатын мән-жайлар, сондай-ақ АІЖК 404-бабының 2)-5) тармақшаларында көрсетілген өзге де негіздер жатады.

2. Заңды күшіне енген мынадай сот актілері:

- бірінші сатыдағы соттың шешімі, соның ішінде сырттай шығарылған шешім;

- іс бойынша өндірісті қысқарту туралы сот ұйғарымы;

- төрелік соттың (арбитраждың) шешіміне шағымдану туралы және төрелік соттың (арбитраждың) шешімін мәжбүрлеп орындау туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымы;

- бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық немесе қадағалау сатыларының ұйғарымы, шешімі, қаулысы жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом