Введите номер документа
Прайс-лист

«Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік қызметтер стандарты (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 14 декабря 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 января 2013

ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 196 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру»
мемлекеттік қызметтер стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі - Ереже) 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz  интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8(727)2619-226, 2788-104 телефондар арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі — қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом