Введите номер документа
Прайс-лист

«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік қызметтер стандарты (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 14 декабря 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 января 2013

ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 196 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»
 мемлекеттік қызметтер стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 17-1-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысының (бұдан әрі - Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz  интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондар арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы қаулысы.

6. Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші) көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом