«Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 296 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесінде:
1, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымдарға, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.
3. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға немесе басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар мен негiздемелер дайындауды қамтиды.
4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде стратегиялық жоспардың жобасымен және бюджеттiк өтiнiммен бiрге бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған ұсыныс бередi.
5. Ұсыныс осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi
және мыналарды:
1) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауын;
2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасын;