Кейбір бұйрықтарға өзгеріс енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 325 бұйрығы
(2005.22.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 169 «Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық кесімдердің күшін жою туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2468 болып тіркелген, 2003 жылы 12 қыркүйектегі № 49 «Юридическая газета» газетінде жарияланған; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2004 ж., № 17-20, 918-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 127 бұйрығымен өзгерістер енгізілген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережеде:
3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
4-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Сынақтан өту мерзімі сынақтан өту басшысының өтініші негізінде сынақтан өтушінің жұмыс стажы мен тәжірибесін, кәсіби қасиеттерін ескере отырып, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген тәртіппен олармен әңгімелесудің нәтижесі бойынша қысқартылады.
Сынақтан өту басшысының өтініші негізінде сынақтан өту мерзімін сынақтан өтушінің немесе сынақтан өту басшысының науқастануына байланысты, сондай-ақ сынақтан өтушінің сынақтан өту бағдарламасын сапасыз меңгергеніне байланысты аумақтық әділет органының басшысы немесе нотариаттық палата төрағасы ұзартуы мүмкін»;
6-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: