«Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 177 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 ж. № 3, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2009 ж., № 6, 345-құжатта (10-қосымшаға дейін қоса алғанда); 2009 ж., № 7, 345-құжатта (11-ден 54-қосымшаға дейін қоса алғанда); 2009 ж., № 8, 345-құжатта (55-тен 82-қосымшаға дейін қоса алғанда) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінде:
31-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«31. Дербес шоттар заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ Салық кодексінде белгіленген тәртіпте салық агенті болып табылатын резидент емес тұлға үшін:
- орналасқан орны бойынша;
- салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан орны бойынша.
Жеке тұлға үшін дербес шоттар:
- резиденттің тұрғылықты орны бойынша;