«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 71 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 Қаулысымен күші жойылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ереже 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы ереже), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше ереже), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті (бұдан әрі - брокерлік және дилерлік қызмет) жүзеге асыру шарттары мен тәртібін белгілейді.»;
4-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-3. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте брокер және (немесе) дилер аффилиирленген тұлғалардың есебін жүргізеді.»;
4-4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: