«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 123-НҚ бұйрығы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміндегі:
реттік нөмірі 12-жолда:
«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген бағандағы «тиеу-түсіру жұмыстары» деген сөздердің алдынан «клиенттің күшімен және қаражатымен орындалатын» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 14-жолда:
«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген бағандағы «жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) беру жөніндегі қызметтер» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 15-жолда:
«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген бағандағы «жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) беру жөніндегі қызметтер» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірлері 113 және 114-жолдар алынып тасталсын;