«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 289-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 14-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару ережесінің 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне мынандай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінде:
реттік нөмір 37-жолда:
3-баған мынандай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтері»;
4-баған мынандай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «суды магистралдық құбыржолдары және таратушы желілер арқылы беру»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 49, 50-жолдармен толықтырылсын:
49 | «Таукен Энергосервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызмет; | Электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызмет; | Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы Таукен ауылы | Екі немесе одан да көп облыстардың республикалық маңызы бар, қаланың астананың) аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну. |