«2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 621 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар» деген жол «, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі» деген жолмен толықтырылсын;
«Бағдарламаның міндеттері» деген жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану»;
«Кіріспе» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Тұтастай алғанда, мемлекет өткен кезеңде халықты ауыз сумен және су бұрумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асырған кезде мынадай кемшіліктердің бар екені белгіленді:
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту мен дамыту жөніндегі жұмыстарды жоспарлаған кезде жүйелік тәсіл мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті өзара іс-қимылының болмауы;
су ресурстарының (ашық су айдындарының) шектеулі болуына байланысты сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін шешуде кешенді тәсілдің болмауы;
сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру барысына мониторингінің болмауы;
сумен жабдықтау және су бұру секторында бірыңғай ақпараттық-талдау базасының болмауы;
сумен жабдықтау және су бұру жобаларының жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі - ЖСҚ) әзірлеу деңгейінің төмендігі;
жер асты суларының қорларын растамай сумен жабдықтау жобаларын іске асыру;
тұтынушыларға берілетін судың есепке толық алынбауы;