Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа)
жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XVІ сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 172 шешімі
(2010.23.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLIII сессиясының 2010.23.12. № 440 шешімімен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXVIII сессиясының 2009.23.12. № 300 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLIII сессиясының 2010.23.12. № 440 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылдың 1 қаңтарынан қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге азаматтардың келесі санаттары әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілсін:
1) зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері он сегіз жарым айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы мен жәрдемақы алушылар;
2) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;
3) бала кезінен, еңбектік зақымдануға, жалпы және кәсіптік сырқатқа байланысты мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
4) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.