ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 141 бұйрығына
3-қосымша
Түзеу жұмыстарды орындау жөніндегі қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Түзеу жұмыстарды орындау жөніндегі қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ҚАК) 36-бабына сәйкес әзірленді және түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібін белгілейді.
2. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау заңды күшіне енген сот үкімі, қаулысы, ұйғарымы (бұдан әрі - үкім) негізінде жүргізіледі.
3. Облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық қылмыстық-атқару инспекциялары (бұдан әрі - Инспекциялар) қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындайтын органдар болып табылады.
4. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау кезінде аумақтық Инспекциялар:
1) прокуратура бөліністерімен, жергілікті әскери басқару органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, соттармен және қоғамдық бірлестіктермен, сотталғандар оқитын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
2) сотқа:
түзеу жұмыстарына сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру;
жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарғандарға қатысты іздеу жариялау және бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін қарай отырып, түзеу жұмыстарын бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру;
қамауда ұсталған мерзімін есепке алу;