ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 141 бұйрығына
6-қосымша
Жазасын атқаруды кейінге қалдыра отырып сотталғандарға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жазасын атқаруды кейінге қалдыра отырып сотталғандарға бақылауды жүзеге асыру бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) жазасын атқаруды кейінге қалдыра отырып сотталғандарға бақылауды жүзеге асыру бойынша мәселелерді нақтылайды.
2. Жазасын атқаруды кейінге қалдыру қолданылған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жүріс-тұрысына бақылауды облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық қылмыстық-атқару инспекциялары (бұдан әрі - Инспекциялар) жүзеге асырады.
3. Бақылауды жүзеге асыру үшін заңды күшіне енген сот үкімі, қаулысы, ұйғарымы (бұдан әрі - сот актісі) негіз болады.
4. Инспекциялар:
1) прокуратура бөліністерімен, жергілікті әскери басқару органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, соттармен және қоғамдық бірлестіктермен, сотталғандар оқитын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
2) сотқа:
бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарғанға қатысты іздеу жариялау және бұлтартпау шарасын таңдау;
сот актісінде көрсетілген кейінге қалдыру мерзімі біткеннен кейін не бала шетінеген жағдайда, не түсік тастаған жағдайда сотталған адамның мінез-құлқын, баланы тәрбиелеуге қатынасын, жазаның өтелген және өтелмеген мерзімдерін ескере отырып, сотталған адамды жазаның қалған бөлігін өтеуден босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыруға, не оны түзеу мекемесіне жіберу;