Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 11 сәуірдегі
№ 227 бұйрығына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Комитеті төрағасының Алғыс хаты туралы
ереже
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Комитеті төрағасының Алғыс хатымен (бұдан әрі - Алғыс хат):
1) ішкі істер, ішкі әскерлер органдарындағы келісімшарт бойынша қызметте 2 жылдан кем емес тұрған, наградтаудың алдында 1 жылдың ішінде тәртіптік жауапкершіліктерге тартылмаған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары және ішкі әскерлердің әскери қызметшілері қызметтік жұмыстағы, жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, қызметтік немесе әскери борышын орындау кезінде көрсеткен жеке батылдығы мен қажырлылығы, сондай-ақ ұзақ жылғы үздік қызметі үшін;
2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және ішкі әскерлерінің 2 жылдан кем емес еңбек өтілі бар жұмысшылары мен қызметшілері еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, жаңа техника мен технологияны, еңбекті ұйымдастырудың озық нысандарын табысты игергені үшін және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін;
3) оларға жүктелген міндеттерді орындауға ішкі істер органдарына және ішкі әскерлер бөліністеріне белсенді көмектері үшін азаматтар;
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) органдары, бөліністері, мекемелері, кәсіпорындары, оқу орындары және ішкі әскерлердің әскери бөлімдері жедел-қызметтік, өндірістік жұмыстардағы, жеке құрамды оқытудағы және тәрбиелеудегі жоғары көрсеткіштері үшін;