Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 11 сәуірдегі
№ 227 бұйрығына
10-қосымша
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көліктегі ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының ведомстволық наградалары жөніндегі комиссияларды құру және жұмыс істеу тәртібі туралы
үлгі нұсқаулық
Жалпы ережелер
1. Осы Үлгі нұсқаулық облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көліктегі ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының ведомстволық наградалары жөніндегі комиссиялардың (бұдан әрі - Комиссия) функцияларын, өкілеттіктерін, ұйымдастыруларын және жұмыс тәртібін анықтайды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Комиссияның міндеттері
4. Комиссияның белгіленген тәртіпте және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін ішкі істер органдарының мүдделі қызметтерінің мамандарын, консультанттарын тартуға;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды сұратуға;