«Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы 18 мамырдағы № 259 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 245 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
бұйрығын атауы мынаңдай редакцияда жазылсын:
«Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышын бекiту туралы»;
бұйрығын кiрiспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 102-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнiң 329-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышы»;