«2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 330 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 10 шешімі
Осы редакция 2012 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы кезекті IIIL сессиясының № 330 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4282 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 239-240 санында, облыстық «Кызылординские вести» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 209-210 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшадағы:
«108 488 344» деген сандар «109 153 500» деген сандармен ауыстырылсын;
«298 689» деген сандар «356 202» деген сандармен ауыстырылсын;
«101 138 085» деген сандар «101 745 728» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«108 175 844» деген сандар «109 500 329» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
«-1 943 307» деген сандар «-2 602 636» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
«1 943 307» деген сандар «2 602 636» деген сандармен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Шиелі ауданы «Ботабай» учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпірді күрделі жөндеу және қалпына келтіруге - 58 029 мың теңге.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацымен толықтырылсын:
«2011 республикалық және облыстық бюджеттерінен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдалыналмаған) сомасы 607 643 мың теңге.»;
6-тармақ 3) тармақшадағы:
«347 458» деген сандар «165 408» деген сандармен ауыстырылсын;
8-тармақтағы:
«147 005» деген сандар «697 005» деген сандармен ауыстырылсын;