«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы 11 шілдедегі № 338 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 116-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176); 2010 жылғы 18 тамызда «Егемен Қазақстан» № 334-335 (26178); 2011 жылғы 11 қыркүйекте «Казахстанская правда» № 239-240 (26300-26301) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында:
«1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары» деген 4-тарауда:
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімі - қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.»;
9-тармақтың он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
1230 - «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» өтеу мерзімі бір жылға дейінгі сатылған активтер, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер, сондай-ақ музыка мектептерінде балалардың оқуы үшін, мектеп-интернаттарда тәрбиеленушілерді ұстау үшін, мектеп жанындағы интернаттарда балалардың нысанды киім-кешегі үшін, тамақтануы үшін есеп айырысулар есепке алынады. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды: