«2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 330 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 13 тамыздағы № 47 шешімі
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 993 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы кезекті IIIL сессиясының № 330 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4282 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 239-240 санында, облыстық «Кызылординские вести» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 209-210 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 117 130 742 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 9 578 041 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 440 002 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 800 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 107 108 899 мың теңге;
2) шығындар - 120 889 168 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 2 040 597 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 2 695 176 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 654 579 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 460 500 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 460 500 мың теңге;