«Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының, сонымен қатар жеделдік үшін консулдық алым ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 8-1-1-1/352 Бұйрығы
ҚР Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 552-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының, сонымен қатар жеделдік үшін консулдық алым ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6372 тіркелді; «Казахстанская правданың» 2010 жылдың 6 қарашасындағы № 295-296 (26356-26357) санында; 2010 жылдың 9 қарашасындағы № 297-299 (26358-26360) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
31-қосымшасында «Қазақстан Республикасының визаларын беру» 2-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. Қазақстан Республикасының визаларын беру |
4. | Шетелдік дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге виза беру туралы нотаны әзірлеу және басып шығару | 15 АҚШ доллары |
5. | Инвесторлық виза | |
Бір мәртелік виза және оның мерзімін ұзарту | тегін |
Екі мәртелік виза және оның мерзімін ұзарту | тегін |