«Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2012 2013 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 919 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 1334 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2012 - 2013 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 919 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2012 - 2013 жылдарға арналған жоспарында:
«1. Щучинск-Бурабай курорттық аймағының (бұдан әрі - ЩБКА) туристік әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 19, 20, 21, 22, 23, 24 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
19 | Щучье көлінің жағалауын абаттандыру (прокатқа беру және қоғамдық тамақтандыру объектілері бар велосипед, жаяу жүргіншілер және шаңғы жолдары) | Мемлекеттік сараптаманың (бұдан әрі - МС) оң қорытындысы, мемлекеттік комиссияның қабылдау актісі | ПІБ | 2012-2013 жылдар | 1 972,0 | 272,0 | 1 700,0 | РБ |
20 | Бурабай көлі курорттық аймағының инженерлік инфрақұрылымын салу | МС оң қорытындысы, мемлекеттік комиссияның қабылдау актісі | ПІБ | 2012-2015 жылдар | 123,1 | 20,8 | 102,3 | РБ |