Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2275 қаулысының қолданысын тоқтата тұру және негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру ережесін, активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1402 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру ережесін және активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2275 қаулысының қолданысы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Қоса беріліп отырған: