Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1518 қаулысымен
бекітілген
Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау
қағидалары
(101.03-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.03-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық агенті Салық кодексінің 143-бабында көрсетілген резиденттерге табыстарын төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу және уақтылы төлеуге, төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсетуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігінің (есептің) (бұдан әрі - есеп) нысанын жасау тәртібін айқындайды, есепті Салық кодексінің 144-бабына сәйкес салық агенті жасайды.
2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
4. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.
5. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.
6. Есеп жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электронды жеткізгіште - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
7. Есепке салық агенті қол қоялады және Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық агентінің мөрімен куәландырылады.
8. Есепті табыс ету кезінде:
1) қағаз жеткізгіште келу тәртібімен - екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық агентіне қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште
- салық агенті пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;