Ақмола облысы әкімдігінің
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ А-11/491 қаулысымен
бекітілді
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы редакция 2012 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар және қысқартулар қолданылады:
1) уәкілетті орган - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
2) тұтынушы - жеке тұлғалар: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
3) ЖТ МДҚ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры;
4) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлғаға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін іске асыратын жеке кәсіпкерге арналған бірегей нөмірі;
5) ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) - аппараттық - бағдарламалық кешенді қолданумен сақтау, өңдеу, іздеу тарату, тапсыру және ұсынуға арналған жүйе;
6) мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - ММ) - электронды мемлекеттік қызметті тікелей ұсынатын аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері;
7) медиа - алшақтық - қызметті көрсету үрдісінде құжаттарды электрондық нысаннан қағаз нысандарға немесе кері өзгерту қажет болғанда қағаз және электронды құжат айналымының өзара алмасуы;
8) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) - облыс (республикалық маңызды қала және астананың), аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімі басқаратын, өзінің өкілеттілігі шеңберінде жергілікті мемлекеттік басқаруды және сәйкесінше аумақта өзін өзі басқаруды асыратын, алқалық атқарушы орган;