Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және медициналық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша ақы төлеуді, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 936 бұйрығы
(2012.19.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығымен 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап күші жойылды
Қосымшалардың мемлекеттік тілдегі мәтіндері берілмеген
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.12.11. № 789 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тарифтерді құру жөніндегі комиссияның 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.30.03. № 197 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған базалық тарифдің (ставканың) құны, оларға ақы төлеу клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылады;
2) стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін түзету коэффиценттері, оларға ақы төлеу клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылады:
-осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдаға арналған базалық тарифтің (ставканың) құнына жоғары мамандандырылған медициналық көмектің деңгейі коэффициенті;