ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 100 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 178 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін
мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»
электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - электрондық мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетімен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші), баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматизациялау дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
5. Осы регламентте қолданылған ұғымдар мен қысқартулар:
1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;
2) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
3) алушы - электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;