Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.30.11 № 1295 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1295 Қаулысы

 

Осы редакция 2012 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 241-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

3-тармақтың бірінші бөлігі «қосымшаларын» деген сөзден кейін «жеке және заңды тұлғаларды тіркеу орны бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:

«темір жол көлігімен» деген кіші бөлімде:

4) тармақша алып тасталсын;

5) тармақшадағы «қалпына келтіру және жаңарту жөніндегі» деген сөздер «сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 250-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

3-тармақтың бірінші бөлігі «қосымшаларын» деген сөзден кейін «жеке және заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:

«темір жол көлігімен» деген кіші бөлімде:

4) тармақшадағы «көлік құралдары иелерінің» деген сөздер «тасымалдаушының жолаушылар алдындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом