Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күштері жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 153 бұйрығы
Прокуратура органдарының қызметін реттейтін нормативті құқықтық және басқа да актілерді тәртіпке келтіру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Күші жойылды деп танылсын:
1. «Мемлекеттік тіл бойынша емтихан мен зачет қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 06.07.2000 ж. № 36 бұйрығы.
2. «Прокуратура туралы» Заңның жобасын дайындаушы жұмыс тобының хатшысы туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 07.07.2000 ж. № 37 бұйрығы.
3. «Жұмысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде орындайтын және оны ойдағыдай білетін Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерлерін рухани және материалдық көтермелеу тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 31.07.2000 ж. № 43 бұйрығы.
4. «Мемлекеттік қызметкер болып есептелмейтін, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және прокуратура органдарының функционалдық қызметін қамтамасыз ететін жұмыскерлерге сыныптық шені үшін қосымша ақы төлеудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 31.07.2000 ж. № 43 бұйрығы.
5. «Прокуратура органдарындағы электронды поштаның жұмысы туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 17.01.2001 ж. № 7 бұйрығы.
6. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жоғары аттестациялық комиссиясы туралы Ереже» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 21.03.2001 ж. бұйрығы.
7. «Сот қаулылары мен әкімшілік және азаматтық істер бойынша атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау Департаменті туралы Ереже» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 05.04.2001 ж. № 55 бұйрығы.
8. «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 27.02.2001 жылғы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 09.04.2001 ж. № 262о/а бұйрығы.