«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1756 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының даму үрдісін талдау» деген 2-бөлімде:
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағыттағы:
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары жылына 3 миллион (бұдан әрі - млн.) тоннадан астам болды, олардың - 85 %-ы І санатты объектілері бар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алатын ең ірі табиғат пайдаланушыларға тиесілі. 2009 жылы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 3,4 млн. тоннаны құрады. 2010 - 2011 жылдары азаю 2009 жылға қарағанда 1,5 % құрады.
Ластаушы заттардың жыл сайынғы шығарындылары шамамен 2,8 млн. тоннаны құрайды. Осылайша, 2009 жылы бұл көлем 2,85 млн. тоннаны құрады және 2010 - 2011 жылдары азаю 1,7 % болды.