Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 17 наурыздағы № 17 Бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бірыңғай статистикалық есепті одан әрі жетілдіру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5854 тіркелген):
аталған бұйрықпен бекітілген әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
1-тармақта «мемлекеттік органдарға бірыңғай» сөздерінен кейін тұрған «әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысы заңды күшке енген» сөздері алып тасталсын;
4-тармақта:
екінші бөлімдегі «Әскери басқармада» сөздер «Комитеттің әскери басқармасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліммен толықтырылсын:
«ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері анықтаған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар Комитет басқармаларында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орны бойынша есепке алынады.»;
7-тармақта:
екінші бөлімдегі екінші сөйлем келесі мазмұнда жазылсын:
«Ішкі істер органдары үшін 22-29 деректемелер толтырылуы қажет»;