Введите номер документа
Прайс-лист

«Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 391 бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 29 ноября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 апреля 2014

ҚР Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 29 қарашадағы

391 бұйрығына

4-қосымша

 

 

«Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын)
қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - қызмет) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы ұсынады.

2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.

3. Қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Қызмет көрсетудің аяқталу нысаны жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (сызбанұсқасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады.

5. Қызмет ұсыну процессіне енгізілген мемлекеттік органдардың және басқа да субъектілердің тізімі:

1) Орталық - құжаттарды қабылдау және жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (сызбанұсқасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру.

2) Уәкілетті орган - құжаттарды өңдеу.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

 

6. Қызмет көрсету бойынша ақпарат Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

7. Қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами