Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 390 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 29 ноября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 апреля 2014

ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 36 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 29 қарашадағы

№ 390 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ
 нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - уәкілетті орган), мекенжайлары стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі «апостиль» мөртаңбасы бар құжаттарды стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта беру не электрондық құжат нысанында немесе қағаз тасымалдағышта дәлелді бас тарту туралы жауап болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне қосылған мемлекеттік органдар мен өзге субъектілердің тізімі:

1) Комитет - қабылдау, рәсімдеу және «апостиль» мөртаңбасы бар құжаттарды беру;

2) уәкілетті орган - қабылдау, рәсімдеу және «апостиль» мөртаңбасы бар құжаттарды беру;

3) Орталық - қабылдау және «апостиль» мөртаңбасы бар құжаттарды беру.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами