ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 36 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 390 бұйрығына 4-қосымша
«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қарашадағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі - стандарт) мекенжайлары стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) уәкілетті органда:
атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу және қағаз тасығышта атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не электрондық құжат нысанында немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.