Введите номер документа
Прайс-лист

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 390 бұйрығына 5-қосымша) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 29 ноября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 апреля 2014

ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 36 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 29 қарашадағы

№ 390 бұйрығына 5-қосымша

 

 

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»
мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қарашадағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі - стандарт) мекенжайлары стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) уәкілетті органда:

азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті куәлікті беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап беру;

2) Орталықта:

азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті куәлікті беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дәлелді жауап беру болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне енгізілген мемлекеттік органдар мен өзге субъектілердің тізімі:

1) Орталық - құжаттарды қабылдау және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік беру;

2) уәкілетті орган - құжаттарды қабылдау, азаматтық хал актілерін тіркеу және куәліктер беру.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар

 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпарат стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами