«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1803 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы ахуалды және денсаулық сақтау саласының даму үрдістерін талдау» деген 2-бөлім:
«Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету» деген 1-кіші бөлім:
«Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі параметрлері» деген тарау мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Қазіргі уақытта дәрігерлерді даярлауды 6 медицина университеті және 1 мемлекеттік емес ЖОО, көп бейінді университеттердің 3 медициналық факультеті жүзеге асырады. Біліктілікті жоғарылату Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің, медицина университеттерінің, 16 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталықтардың базасында жүргізіледі.
Медициналық көмекті 60 мыңнан астам дәрігер және 139 мыңға жуық орта медицина қызметкері көрсетеді. Халықты барлық мамандықтағы дәрігер кадрлармен қамтамасыз етуді ұлғайтуға қарамастан (10000 адамға шаққанда 2005 жылғы 36,5-тен 2009 жылы 37,8-ге дейін), практикалық бейінді дәрігерлермен қамтамасыз ету бірнеше жыл бойы бір деңгейде қалып отыр. 2009 жылы бұл көрсеткіш 10 мың адамға шаққанда 86,4-ті құрады. Халықты орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету бұған ұқсас.