Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына тергеу изоляторлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы № 175 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағын басшылыққа алып, бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының арнайы есеп бөлімдерінің жұмысы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2973 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының арнайы есеп бөлімдерінің жұмысы туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
2-тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын;
19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Транзитпен жөнелтілетін адамдардың жеке істері ашылмайды. Транзитпен жөнелтілетін адамдардың жеке тінту хаттамалары жеке іске қосылмайды, ол жеке іске тігіледі және арнайы есепке алу бөлімінде сақталады. Ерекше жағдайларда (мысалы, медициналық көрсеткіштер бойынша) транзитпен жөнелтілетін адамдардың жеке істері бар пакеттер тергеу изоляторының бастығы бекіткен жауапты қызметкердің баянаты негізінде ашылады».
23-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын орындау үшін қалдырылған сотталғандарға арналған орындау парақтарын қолхат арқылы ТИ-дың қаржы бөліміне жібереді, ал басқа жағдайларда, сотталғанның бас бостандығынан айыру орындарына кетуі кезінде сотталғанның жеке ісіне қоса тіркейді»;
42-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакциядағы сөйлеммен толықтырылсын: