«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1811 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтиже көрсеткіштері» деген бөлімде:
«Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету» деген 3-стратегиялық бағытта:
«Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайын жақсарту» деген 3.1-мақсатта:
«Еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу және жолын кесу» деген 3.1.2-міндетте:
тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
5. Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасының негіздеріне азаматтарды құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру | | х | х | х | х |
»;
«Әлеуметтік әріптестікті дамытуға жәрдемдесу» деген 3.2.3-міндетте:
тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда мына:
«
4.Әлеуметтік-еңбек саласындағы даулы жағдайларды басқару және шешу үшін жүйелі ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шараларды жүргізу | х | х | х | х | х |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«