«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1813 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«2. Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістері» деген бөлімде:
«Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Реттелетін қызмет саласының негізгі даму параметрлері» мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Бұдан басқа, 2008 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайға міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілген. Аталған тәуекел басталған кезде, жұмыс істейтін әйел жүктілігі және босануы бойынша демалысының барлық айлары үшін 100 % мөлшерінде әлеуметтік төлем алады. Қазақстанда төлемдерді қаржыландыру көзі болып Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры белгіленді.
Халықаралық тәжірибеде осыған ұқсас төлемдер басқа елдерде де жүзеге асырылады. Бұл ретте қаржылындыру көздері әр түрлі болуы мүмкін, егер Ресейде Қазақстандағыға ұқсас Әлеуметтік сақтандыру қоры болса, мысалы Ұлыбританияда бұлар - Үкімет пен жұмыс беруші, Германияда - Медициналық сақтандыру қоры мен жұмыс беруші.»;
«Жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу» деген 2-стратегиялық бағытта: